Сәлеметсіздер ме, құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Блог көмегімен халыққа Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметі туралы толық ақпаратты жеткізуді мақсат еттім. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, қоғамымыздағы белгілі бір оқиғалар туралы пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған. Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Алматы облыстық Ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы
Б.Б. Алиев
